Good Delivery

Good Delivery

«Тау-Кен Алтын» ЖШС қымбат металдар нарығына қатысушылардың Лондон қауымдастығына (The London Bullion Market Association, LBMA) «Good Delivery» жеткізушілер тізіміне енгізілді.

«GoodDelivery» сертификаты бар бағалы металдар барлық әлемдік биржаларда саудаға шектеусіз қабылданады. Бұл инвестиция объектісі ретінде «Тау-Кен Алтын» маркасымен шығарылатын аффинирленген алтынның құнын едәуір арттырады.

«GoodDelivery» сертификаты – бұл алтынның халықаралық стандарттарға сәйкестігін растау ғана емес, сонымен қатар оның абсолютті заңды тазалығының, сондай-ақ сенімділігінің, қызметінің ашықтығының және кәсіпорынның мінсіз беделінің кепілі.

Previous
Next