Компаниядағы мансап

Компаниядағы мансап

«Тау-Кен Алтын» ЖШС-ның басты құндылығы оның қызметкерлері болып табылады. Біздің қызметкерлер – бұл мақсатты және жоғары нәтижелерге бағдарланған өз ісінің кәсіби мамандары.

«Тау-Кен Алтын» ЖШС кадр саясатының негізгі мақсаты Компанияның стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге негізделген кәсіби персоналды қалыптастыру болып табылады.

Компанияда SAMRUK QYZMET бос жұмыс орындарының бірыңғай платформасында кандидаттарды іріктеудің конкурстық жүйесі жұмыс істейді, ол үміткерлердің біліктілік деңгейі мен кәсіби құзыреттілігінің талаптарына сәйкес, оның кәсіби қасиеттері, сондай-ақ компания ұжымында жұмыс істеу кезінде пайдалы болуы мүмкін жеке қасиеттері негізінде ең жақсы кандидаттарды таңдауға бағытталған.