«Тау-Кен Алтын» аффинаж зауыты әлеуетті серіктестерге LBMA Silver Price бағасымен 4 тонна аффинирленген күміс сатып алу мүмкіндігін қарастыруды ұсынады.
Техникалық параметрлері: Күміс Нормативтік құжат / МСТ: ҚР СТ 933-92 Металлдың сынамасы: 99,99%
Салмағы: 28 000 гр.-нан бастап 32 000 гр.-ға дейін
Құйманың пішіні — қиық пирамида, өлшемдері, мм: 335±5 – үлкен табанының ұзындығы; 135±5 — үлкен табанының ені; 300±5 – кіші табанының ұзындығы; 100±5 — кіші табанының ені; 80±2 — биіктігі.
Компания шығарған аффинирленген күміс Лондон бағалы металдар биржасында Good Delivery тізіліміне енгізілмеген.
Аффинирленген күмісті сатып алуға коммерциялық ұсыныста мыналар болуы тиіс:
Дисконттың өлшемі, %;
Төлем тәсілі;
Жеткізу тәсілі (INCOTERMS 2020).
Коммерциялық ұсыныстарды 2022 жылғы 22 тамызға дейін мерзімде sm@taukenaltyn.kz электрондық поштасы бойынша жолдауды өтінеміз.