«Тау-Кен Алтын» аффинаж зауытының ұжымы «World Cleanup day 2021» Дүниежүзілік тазалық күні мен «Бірге — таза Қазақстан!» республикалық экобастамасына орайластырып елорда Әкімдігі мен «Астана-Технополис» АЖА Басқарушы компаниясы 18 қыркүйекте ұйымдастырған жалпы қалалық ағаш отырғызу сенбілігін қолдады.
«Тау-Кен Алтын» жұмыскерлері сенбілікке қатысу олар үшін – тек қаланы абаттандыру мен көгалдандыруға үлес қосу ғана емес, сонымен бірге ұжымда тату, отбасылық ахуал қалыптастыру мақсатында бірігу үшін тағы бір мүмкіндік дейді.
«Дүниежүзілік тазалық күні» — біздің заманымыздың аса ірі азаматтық қозғалыстарының бірі, ол планетамыздың тазалығы үшін күресте әлемнің 180 елін біріктіреді.