Толлинг
«Тау-Кен Алтын» ЖШС тазартылған металдарды (толлинг) қайтара отырып, құрамында алтын бар шикізатты алыс-беріс негізінде қайта өңдеуді жүзеге асыруға мүмкіндігі бар.
Аффинаж қызметтерінің бағасы шикізат түріне, ондағы бағалы металдардың құрамына, қоспалар мен көлемдерге сүйене отырып қалыптастырылады.
Тазартылған металдарды қайтару тазалығы 99,99%-ға дейінгі дайын өнімнің мынадай түрлерінде жүзеге асырылуы мүмкін:
- стандартты алтын құймалары (400 oz);
- стандартты күміс құймалары (1000 oz);
- алтын мен күмістің өлшеу құймалары (100 гр, 250 гр, 500 гр, 1000 гр);
- алтын мен күміс түйіршіктері.
«Тау-Кен Алтын» ЖШС бағалы металдар құймалары ҚР СТ 932-92, ҚР СТ 933-92, ҚР СТ 2048-2010, ҚР СТ 2049-2010 ұлттық стандарттарына сәйкес келеді.
Тазартылған металдарды қайтару шарттары:
Тазартылған металдарды қайтару мерзімі –күнтізбелік 10 (он) күн. Дайын өнімді жөнелту ЕХW (INCOTERMS 2010) шарттарында жүргізіледі.
Шарт жасасуға өтінім беру үшін сауалнаманы толтыру: