«Тау-Кен Алтын» ЖШС делегациясы 4–6 қазан аралығында өткен жыл сайынғы LBMA/LPPM Global Precious Metals Conference 2026 халықаралық конференциясына қатысты.
Конференцияны жыл сайын Лондон бағалы металдар рыногы қатысушыларының қауымдастығы (LBMA) мен Лондон платина және палладий рыногы (LPPM) өткізеді. Биыл ол 25-ші рет өтіп, әлемнің түкпір-түкпірінен 700-ден астам делегаттың басын қосты: олардың арасында аффинаж зауыттарының, тау-кен өндіруші компаниялардың, банктердің, трейдерлердің және орталық банктердің өкілдері бар. 30-дан астам спикер орталық банктердің алтынға деген сұранысын, жеткізу тізбегінің орнықтылығын және сырттан алынатын ресурстардың жауапты көздерін талқылады.
«Тау-Кен Алтын» делегациясының құрамына компания өкілдері кірді. Сапардың негізгі міндеттері күмісті өткізу және бағалы металдарды сатып алу бойынша жаңа серіктестерді, сондай-ақ аффинаж зауыты үшін шикізаттың жаңа жеткізушілерін іздестіру болды.
Конференция барысында компания өкілдері Танзания, Сингапур, БӘӘ, Таиланд, Ұлыбритания, Қырғызстан, Малайзия, Қытай, Италия және Түркия компанияларымен кездесулер өткізіп, іскерлік байланыстар орнатты.
Жекелеген кездесу LBMA басшылығымен өтті. Қауымдастық өкілдері «Тау-Кен Алтынның» Жауапты алтын бойынша LBMA Нұсқаулығының (Responsible Gold Guidance, RGG) талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысын жоғары бағалады.
LBMA конференциясына қатысу компанияға халықаралық байланыстарды нығайтуға және дамудың жаңа бағыттарын белгілеуге мүмкіндік берді.