«Тау-Кен Алтын» ЖШС Металлургтер күнімен құттықтайды!
«Тау-Кен Алтын» ЖШС Металлургтер күнімен құттықтайды!
Құрметті әріптестер!
«Тау-Кен Алтын» ЖШС сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Металлургтер күнімен шын жүректен құттықтайды!
Бұл мереке – жоғары кәсібилік пен жауапкершілікті, табандылық пен адал еңбекті дәріптейтін күн. Сіздердің біліктіліктеріңіз бен қажырлы еңбектеріңіздің арқасында металлургия саласы қарқынды дамып, еліміздің өнеркәсіптік әлеуеті артып келеді.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбекте жаңа жетістіктер, қауіпсіз жұмыс және мол бақ-береке тілейміз. Еңбектеріңіз әрдайым лайықты бағаланып, толағай табыстарға жете беріңіздер!
Мерекелеріңіз құтты болсын! Металлургтер күні құтты болсын!

