«Тау-Кен Алтын» аффинаж зауыты ынтымақтастыққа шақырады

Categories
KZ Без рубрики

«Тау-Кен Алтын» аффинаж зауыты ынтымақтастыққа шақырады

«Тау-Кен Алтын» аффинаж зауыты әлеуетті серіктестерге LBMA Silver Price бағасымен 3,3 тонн аффинирленген күміс сатып алу мүмкіндігін қарастыруды ұсынады.

Техникалық параметрлері: Күміс

Нормативтік құжат / МСТ: ҚР СТ 933-92

Металлдың сынамасы: 99,99%    

Салмағы: 28 000 гр.-нан бастап 32 000 гр.-ға дейін

Құйманың пішіні – қиық пирамида, өлшемдері, мм:

335±5 – үлкен табанының ұзындығы;

135±5 – үлкен табанының ені;

300±5 – кіші табанының ұзындығы;

100±5 – кіші табанының ені;

80±2 – биіктігі.

Жеткізу тәсілі EXW Astana.

* Компания шығарған аффинирленген күміс Лондон бағалы металдар биржасында Good Delivery тізіліміне енгізілмеген.

Аффинирленген күмісті сатып алуға арналған коммерциялық ұсыныста LBMA Silver Price бағасынан пайызбен (%) көрсетілген дисконт (жеңілдік) мөлшері болуы тиіс.

Коммерциялық ұсыныстарды 2026 жылғы 22 Cәуірге дейін sm@taukenaltyn.kz электрондық поштасы бойынша жолдауды өтінеміз.

Жоспарланған жөнелту күні – 2026 жылдың Мамырда.