«Тау-Кен Самұрық «ҰМК» АҚ және «Тау-Кен «ЖШС жастар кеңесі»Жаңашыр» пансионатының тұрғындарын құттықтады

Categories
KZ Новости

«Тау-Кен Самұрық «ҰМК» АҚ және «Тау-Кен «ЖШС жастар кеңесі»Жаңашыр» пансионатының тұрғындарын құттықтады

«Тау-Кен Самұрық» компаниялар тобының Жастар кеңесінің белсенділері бүгін «Жанашыр» пансионатына барды. Олар пансионат тұрғындарына қоңыр күздің салқын күндерінде жылулық сыйлау үшін тәтті тағамдар мен шағын сыйлықтар ала барды. Кездесудің ең әсерлі сәті – қариялардың жастарға берген батасы мен игі тілектері болды десек болады.

1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Қазіргі таңда халықтың қартаюы – адамзат үшін өзекті жаһандық мәселелердің бірі. БҰҰ деректеріне сүйенсек, 2050 жылға қарай Жердегі әрбір алтыншы адам 65 жастан асқан болады. Сол себепті қариялардың құқықтарын қорғау, оларға қолайлы өмір жағдайын жасау, үлкендерге құрмет пен қамқорлық таныту – қоғам дамуының басты қағидаттарының біріне айналып отыр.