Комплаенс
Маңызды! «Самұрық-Қазына» АҚ Жедел желі заңнаманы және/немесе Мінез-құлық кодексін бұзу фактілері, алаяқтық, сыбайлас жемқорлық, құпия және инсайдерлік ақпаратты рұқсатсыз ашу жағдайлары туралы хабарлауға арналған байланыс арнасы болып табылатынын хабарлайды.
Қызмет көрсетуге байланысты мәселелер бойынша, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ басшылығының және «Самұрық-Қазына» АҚ тобы компанияларының атына ресми өтініш жасау үшін компаниялардың корпоративтік веб-сайттарында көрсетілген байланыс деректерін пайдалану қажет.
Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, тендерлік комиссияның, сараптама комиссиясының, сарапшының, «Самұрық-Қазына» АҚ тобы компанияларының электрондық сатып алу ақпараттық жүйесі операторының іс-әрекеттері мен шешімдеріне шағымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес zakup.sk.kz сатып алу веб-порталы арқылы беріледі.