«Тау-Кен Алтын» ЖШС аффинаж зауыты, зауытта жұмыс істеп тұрған менеджмент жүйесінің халықаралық талаптарға сәйкестігін растап, сыртқы сертификаттау аудитінен сәтті өтіп, халықаралық стандарттар
ISO 9001:2015, ISO 14001:2015 және ISO 45001: 2018 талаптарына сәйкестік сертификаттарын алды.
Халықаралық орган «CERT International» s.r.o. (Словакия) берген сәйкестік сертификаттары International Accreditation Forum аккредиттелген, халықаралық тізілімге енгізілген және әлемнің 60-тан астам елінде, оның ішінде АҚШ, Германия, Ұлыбритания және Жапонияда танылған.