«Тау-Кен Алтын» ЖШС орталық зауыт зертханасының жетекшісі Олеся Коксегенова «Astana Mining & Metallurgy» конгресі аясында өткен «Алтын Гефест-2021» ұлттық салалық байқауында «Тау-кен металлургия кешеніндегі әйелдер» номинациясында 2-орынды еншіледі!
«Алтын Гефест» – тау-кен металлургия кешені мамандары үшін республикалық маңызы бар ең беделді марапаттардың бірі. Байқау ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауымен өтеді.
2010 жылы «Алтын Гефест» байқауының алғашқы статуэткасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа табысталған. Осылайша ұйымдастырушылар байқауға қатысушылардың жобаларына кәсіби әрі шығармашалық талаптардың жоғары деңгейін белгіледі.
Олеся Сағатбекқызын жоғары деңгейдегі марапатымен құттықтап, қызметте жаңа жетістіктер мен толағай табыс тілейміз!