Жаңа цехта ағымдағы өндірістің қалдықтары, сондай-ақ өткен жылдардан бері сақталған қалдықтар өңделетін болады. Перспективада техногендік қалдықтарды кешенді қайта өңдеу жөніндегі қызметтерді басқа кәсіпорындарға ұсынуға болады.
Анықтама: «Тау-Кен Алтын» ЖШС – құрамында бағалы металдар бар шикізатты өңдеу және аффинаждау зауыты. Аффинаждық өндірістің негізгі міндеті – Қазақстанның алтын-валюта резервін толықтыру және құрамында бағалы металдар бар отандық шикізатты қайта өңдеу. «Тау-Кен Алтын» бағалы металдар нарығының Лондон қауымдастығының тізіміне енгізілген (London Bullion Market Association – LBMA) және сенімді өнім беруші – Good Delivery мәртебесіне ие.
«Тау-Кен Алтын» ЖШС-ның Жалғыз қатысушысы – «Тау-Кен Самұрық» АҚ.
«Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы қатты пайдалы қазбаларды барлау, әзірлеу, өндіру, өңдеу және сату саласындағы жобаларды іске асырады, тау-кен металлургия өнеркәсібінде ғылымды қажетсінетін және тиімді технологияларды әзірлейді және енгізеді. «Тау-Кен Самұрық» – «Самұрық-Қазына» АҚ-ның компаниялар тобына кіреді, «Glencore International» компаниясының серіктесі және «Қазцинк» ЖШС-ның жарғылық капиталындағы 29,82% қатысу үлесіне ие.