«Тау-Кен Алтын» ЖШС Charity Samruk Marathon 2026 марафонына қатысты
«Тау-Кен Алтын» ЖШС Charity Samruk Marathon 2026 марафонына қатысты
2026 жылғы 3 мамырда Астана қаласында Charity Samruk Marathon 2026 жыл сайынғы қайырымдылық жүгірісі өтті. Іс-шара Самұрық-Қазына компаниялар тобының қызметкерлерін, серіктестерін және қала тұрғындарын біріктірді.
«Тау-Кен Алтын» ЖШС командасы бастаманы қолдап, марафонға белсенді түрде қатысты. Қатысушылар 2,5-тен 10 шақырымға дейінгі қашықтықтарды жүгіріп өтіп, салауатты өмір салтын ұстану мен әлеуметтік жауапкершілікті көрсетті.
Жиналған қаражат ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдауға және инклюзивті ортаны дамытуға бағытталады.
Компанияның бұл шараға қатысуы қоғам дамуына қосқан үлесін және корпоративтік еріктілік мәдениетін нығайтуға деген ұмтылысын көрсетеді.

