«Тау-Кен Алтын» ЖШС қызметкерлері АЭА аумағында ағаш отырғызды

Categories
KZ Новости

«Тау-Кен Алтын» ЖШС қызметкерлері АЭА аумағында ағаш отырғызды

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Тау-Кен Алтын» ЖШС қызметкерлері Астана қаласының арнайы экономикалық аймағы аумағында ағаш отырғызу жұмыстарына белсенді қатысты.

Іс-шара қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып, экологиялық жағдайды жақсартуға және жайлы қалалық ортаны қалыптастыруға бағытталды.
Аталған бастама АЭА кәсіпорындарының өкілдерін біріктіріп, бизнестің тұрақты даму мен экологияға деген жауапкершілігін көрсетті.

«Тау-Кен Алтын» ұжымы үшін мұндай шараларға қатысу – бұл тек қаланы көгалдандыру ғана емес, сонымен қатар болашақ ұрпақ үшін таза әрі қолайлы орта қалыптастыруға қосқан үлес.

Компания қала әкімдігіне аталған іс-шараны ұйымдастырғаны үшін алғысын білдіреді.