Тау-Кен Алтын аффинаж зауытында Наурыз мерекесі аталып өтті.
Тау-Кен Алтын аффинаж зауытында Наурыз мерекесі аталып өтті.
Мұнда нағыз этноауыл бой көтерді. Қонақтарды ашық отта дайындалған дәмді дәстүрлі тағамдармен қарсы алды, сүйікті ұлттық әндер шырқалып, қызықты ойындар, конкурстар мен интерактивтер өткізілді.
Қатысушылардың, әсіресе балалардың шынайы қуанышын тудырғаны — үй жануарлары, оларды сипап, тамақтандырды.
Мұндай іс-шаралар Тау-Кен Алтын ЖШС-нің корпоративтік мәдениетінің бір бөлігі болып табылады.
