«Тау-Кен Алтын» аффинаж зауыты өндірістік қалдықтарды өңдеудің жаңа цехын іске қосты

Categories
KZ Новости

«Тау-Кен Алтын» аффинаж зауыты өндірістік қалдықтарды өңдеудің жаңа цехын іске қосты

«Тау-Кен Алтын» ЖШС «Қазқұтқару» ЖШС мемлекеттік емес өртке қарсы қызметімен бірлесіп, өрт-техникалық минимум бойынша профилактикалық тренинг өткізді.

«ТауКен Алтын» аффинаж зауытында өз өндірісінің қалдықтарынан алтын алуды үйренді. Жыл сайын жаңа цех 15 тоннаға дейін қатты өндірістік қалдықтарды, оның ішінде қождар мен термиялық өңдеу қалдықтарын өңдей алады.

Цех өнімі – құрамында алтын мен күміс бар концентраттар. Бірегей технологиялық модель техникалық толықтыруды талап етті, сонымен қатар кәсіпорындағы жабдықтар мен реагенттерді барынша іске қосуға мүмкіндік алды.

Арнұр Айдарханов, «Тау-Кен Алтын» ЖШС техникалық директоры:

«Қайта өңдеу цехын пайдалануға беруге байланысты негізгі күрделілік қалдықтардың әртектілігі – олардың физикалық-химиялық қасиеттерінің айырмашылығы. ҒЗТКЖ барысында қымбат металдарды барынша алуға қол жеткізе отырып, мәселеге жан-жақты қарауымыз керек болды.»

Жаңа цехта ағымдағы өндірістің қалдықтары, сондай-ақ өткен жылдардан бері сақталған қалдықтар өңделетін болады. Перспективада техногендік қалдықтарды кешенді қайта өңдеу жөніндегі қызметтерді басқа кәсіпорындарға ұсынуға болады.

Анықтама: «Тау-Кен Алтын» ЖШС – құрамында бағалы металдар бар шикізатты өңдеу және аффинаждау зауыты. Аффинаждық өндірістің негізгі міндеті – Қазақстанның алтын-валюта резервін толықтыру және құрамында бағалы металдар бар отандық шикізатты қайта өңдеу. «Тау-Кен Алтын» бағалы металдар нарығының Лондон қауымдастығының тізіміне енгізілген (London Bullion Market Association – LBMA) және сенімді өнім беруші – Good Delivery мәртебесіне ие.

«Тау-Кен Алтын» ЖШС-ның Жалғыз қатысушысы – «Тау-Кен Самұрық» АҚ.

«Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы қатты пайдалы қазбаларды барлау, әзірлеу, өндіру, өңдеу және сату саласындағы жобаларды іске асырады, тау-кен металлургия өнеркәсібінде ғылымды қажетсінетін және тиімді технологияларды әзірлейді және енгізеді. «Тау-Кен Самұрық» «Самұрық-Қазына» АҚ-ның компаниялар тобына кіреді, «Glencore International» компаниясының серіктесі және «Қазцинк» ЖШС-ның жарғылық капиталындағы 29,82% қатысу үлесіне ие.