«Тау-Кен Алтын» ЖШС өрт-техникалық минимум бойынша профилактикалық тренинг өткізді

Categories
KZ Новости

«Тау-Кен Алтын» ЖШС өрт-техникалық минимум бойынша профилактикалық тренинг өткізді

«Тау-Кен Алтын» ЖШС «Қазқұтқару» ЖШС мемлекеттік емес өртке қарсы қызметімен бірлесіп, өрт-техникалық минимум бойынша профилактикалық тренинг өткізді.

«Тау-Кен Алтын» ЖШС «Қазқұтқару» ЖШС мемлекеттік емес өртке қарсы қызметімен бірлесіп, өрт-техникалық минимум бойынша профилактикалық тренинг өткізді. Оқу-жаттығу Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне (28 сәуір) орайластырылды.

«Қазқұтқару» өкілдері ғимараттар мен орман өрттерін сөндіру кезінде пайдаланылатын өрт сөндірушінің жауынгерлік киімдері мен мүкәммалын көрсетті.  Аффинаж зауытының жұмыскерлеріне алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану тәсілдері, олардың қасиеттері, техникалық сипаттамалары туралы ескертті және өртті сөндіру кезінде өрт сөндіргішті қалай пайдалану керектігі көрсетілді.

 

Оқу-жаттығулардың практикалық бөлігі теориямен толықтырылды: мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет қызметкерлері өндірісте де, тұрмыста да өрттердің жіктелуі, олардың пайда болу себептері туралы айтып, сақтық шаралары туралы түсіндірді. Тренинг аффинаж өндірісіндегі өртке қарсы режимге арналған «сұрақ-жауап» викторинасымен аяқталды.