«Тау-Кен Алтын» ЖШС-ындағы аварияға қарсы оқулар

Categories
KZ Новости

«Тау-Кен Алтын» ЖШС-ындағы аварияға қарсы оқулар

 «Тау-Кен Алтын» ЖШС Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтан қ. бойынша департаментімен және «Қорғау Сервис KZ» ЖШС-мен бірлесіп 2021 жылғы 17 қыркүйекте Аффинаж зауытының аумағында оқу дабылы мен аварияға қарсы жаттықтыру өткізді.

«Зауыттағы аварияларды жою жоспары» шеңберінде өткізіліп жатқан бұл оқулардың мақсаты – өндірістік объектілерде авариялар немесе технологиялық бұзушылықтар туындаған жағдайда персоналдың практикалық машықтар мен өз бетінше тез және техникалық тұрғыдан сауатты әрекет ету қабілетіне ие болуы. 

Сценарий бойынша, зауыттың тұрмыстық орынжайларының бірінде жану болып, адамдар зардап шекті.

Аффинаж зауытының жұмыскерлері қорғаныш құралдарын, сол сияқты өрт сөндіру құралдарын пайдалана білуді тағы бір рет пысықтады, сонымен қатар персоналдың өзара іс-қимылының тәртібі мен өз іс-әрекеттерінің құтқарушылардың іс-қимылымен үйлесімді болуын жетілдірді.

«Тау-Кен Алтын» ЖШС Аффинаж зауытынфң персоналы мен «Қорғау Сервис KZ»  ЖШС жеке құрамының іс-қимылын Нұр-Сұлтан қ. бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті оң бағалады.