Компания туралы

Компания туралы

«Тау-Кен Алтын» ЖШС аффинаж зауыты

«Тау-Кен Алтын» ЖШС құрамында бағалы металдар бар шикізатты қайта өңдеу және аффинаждау бойынша аффинаж зауыты болып табылады. Компанияның жалғыз қатысушысы «Самұрық-Қазына» АҚ тобына кіретін «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ болып табылады.

 

«Тау-Кен Алтын» ЖШС аффинаж зауытын салу жөніндегі жоба «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама туралы және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №958 Жарлығына және «2010-2014 жылдарға арналған республикалық Индустрияландыру картасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі №303 қаулысына сәйкес іске асырылды.

 

Аффинаж зауытын салу жөніндегі жобаны іске асыру елдің алтын-валюта резервтерін толықтыру және құрамында бағалы металдар бар отандық шикізатты қайта өңдеу жөніндегі стратегиялық міндетті шешу мақсатында жүзеге асырылды.

Алтын – бұл валюталарға тән қауіп-қатері жоқ әлемдегі жалғыз монетарлық актив және этникалық, тілдік, діни, мәдени және ұлтқа тәуелді емес әлемге танылған жалғыз актив.

Пайдалануға берілді:

Жобалық қуаты:

19 желтоқсан

2013 жылғы

25 тонна

жылына алтын

50 тонна

жылына күміс

Зауыт жобасы қымбат металдарды аффинаждау саласындағы үздік әлемдік аналогтарға сәйкес әзірленді. Аффинаж зауытының елордада орналасқандығын ескере отырып, аффинаж технологиясын таңдау кезіндегі іріктеудің негізгі өлшемдерінің бірі пайдаланылатын процестердің экологиялығы болды.