5 маусымда атап өтілетін Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында «Тау-Кен Алтын» ЖШС балалар суреттері мен эко-арт инсталляциялары байқауының жеңімпаздары мен қатысушыларын марапаттады.
Аффинаж зауыты жұмыскерлерінің балалары зауыт директорының қолынан естелік сыйлықтар алып, арнайы шақырылған аниматорлармен қызықты ойындарға қатысып, қызықты экскурсияға – ата-аналарының қайда жұмыс істейтінін көруге аттанды.
Зауытқа барулары және экологиялық мерекеге қатысулары балалардың есінде ұзақ сақталады деп үміттенеміз!