Бүгін Астанада «7 QADAM» жас көшбасшыларды дамыту бағдарламасы қорытындыланды.

Categories
KZ Новости

Бүгін Астанада «7 QADAM» жас көшбасшыларды дамыту бағдарламасы қорытындыланды.

«Тау-Кен Алтын» аффинаж зауытының алтынды электролиздеу цехының инженер-технологы Досым Мамыт аспирациялық жүйені жаңғырту жобасын таныстырды.

«Тау-Кен Алтын» аффинаж зауытының алтынды электролиздеу цехының инженер-технологы Досым Мамыт аспирациялық жүйені жаңғырту жобасын таныстырды. Ол тазалау мұнарасы-скрубберлерде әртүрлі химиялық реагенттерді қолдана отырып, қолданыстағы параллель аспирация желісін бірізділікпен өзгертуді ұсынады. Жаңалық қоршаған ортаға ықтимал келеңсіз әсерді төмендетеді және жалпы өндірістің экологиялық қауіпсіздігін арттырады. Алтынды электролиздеу цехында пилоттық нұсқасы енгізілуде.

Биыл бағдарламаға 48 адам қатысып, әрқайсысы өз компаниясында қорғайтын жобаны таныстырды. Конкурстық жобалау жұмыстарына қойылатын негізгі талаптар: «Самұрық-Қазына» компаниялар тобына масштабтау мүмкіндігі, оң экономикалық әсер, жаңашылдық және практикалық іске асыру мүмкіндігі.

Нәтижесінде конкурстық іріктеуден «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компанияларында енгізілетін үздік 15 жоба өтті.

«Жеті қадам» бағдарламасы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның кадр және жастар саясатын іске асыруға бағытталған.