Аффинаж зауытындағы кәсіби бағдарлау кездесуі

Categories
KZ Новости

Аффинаж зауытындағы кәсіби бағдарлау кездесуі

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «бейорганикалық химия» мамандығы бойынша 4-курста білім алып жатқан 10 студент «Тау-Кен Алтын» аффинаж зауытына кәсіби бағдарлау сапарымен барды. Бағдарлама аясында студенттерге өндірістік цехтар бойынша экскурсия ұйымдастырылып, негізгі технологиялық үдерістер мен пайдаланылатын өндірістік жабдықтар таныстырылды. Сонымен бірге зауыттың жұмыс істеу қағидаттары, өндірістік тізбектегі негізгі кезеңдер және орталық зауыттық зертханада химик мамандар атқаратын талдамалық-зертханалық жұмыстардың мазмұны туралы толық ақпарат берілді. Экскурсиядан кейін дөңгелек үстел өтті. Онда студенттер «Жаңа дәуірдің алтыны — литий, никель, кобальт, марганец (NCM)» тақырыбындағы жобалық жұмыстарын таныстырып, мамандықтың ерекшеліктері, кәсіпорындағы кадрлық қажеттіліктер, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері мен кәсіби даму перспективалары бойынша сұрақтарын қойды. Бұл форматтағы іс-шаралар болашақ химия саласының мамандарына өндіріс үдерістерінің нақты жағдайымен танысып, жоғары оқу орнында алған теориялық білімнің практикалық қолданысын анық көруге мүмкіндік береді.