«Тау-Кен Самұрық» жастар форумы Қарағандыда экологиялық акциядан басталды

Categories
KZ Новости

«Тау-Кен Самұрық» жастар форумы Қарағандыда экологиялық акциядан басталды

Жастар форумы экологиялық акциядан бастау алды. Ертең Қарағанды қаласында «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниялар тобының ұйымдастыруымен жастар форумы өз жұмысын бастамақ. Іс-шараға Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің студенттері қатысуда. Форум Еңбекші мамандықтар жылына орай өткізіліп, жастардың бастамаларын қолдауға және жұмысшы кәсіптердің беделін арттыруға бағытталған.

Бүгін форум қатысушылары Қарағанды қаласына келіп, колледж аумағында экологиялық акция ұйымдастырды. «Тау-Кен Самұрық» компаниялар тобының қызметкерлері мен студенттер бірлесіп, қарағайдың жас көшеттерін отырғызды. Бұл іс-шара табиғатты қорғауға деген жауапкершілікті арттырумен қатар, өсу мен жасыл болашаққа ұмтылыстың символына айналды.

Іс-шара барысында қатысушылар:
«Біз республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдаймыз және форумымызды игі іспен бастағанымызға қуаныштымыз. Бірлесіп ағаш отырғызу – тек экологиялық шара ғана емес, бұл – жастардың табиғат алдындағы бірлігі мен жауапкершілігінің көрінісі», – деп атап өтті.

Аталған бастама экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, еңбек құндылықтарын дәріптеуге және жас ұрпақты табиғатты аялауға тәрбиелеуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.