«Жұмысшы – мәртебелі мамандық!» атты жас жұмысшылар слеті.
«Жұмысшы – мәртебелі мамандық!» атты жас жұмысшылар слеті.
Риддер қаласында (Шығыс Қазақстан облысы) жас жұмысшылардың слеті өтті. Оған «Казцинк» компаниясының бес өндірістік алаңынан және «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» AҚ тобының үш кәсіпорнынан жас белсенділер қатысты.
Қанық әрі мазмұнды бағдарлама аясында тренингтер, жастар мен еріктілер бастамаларын әзірлеу, тимбилдинг, шығармашылық сайыстар мен командалық ойындар ұйымдастырылды. Қазақстанның жеті өңірінен келген жастар тек тәжірибе алмасып қана қоймай, өзара шынайы достық орнатып, жаңа жетістіктерге серпін алды.
