Комплаенс
«Комплаенс» (ағылшынша compliance) – сақтау, сәйкестік.
«Тау-Кен Алтын» ЖШС өз қызметін қолданыстағы заңнама талаптарына, сондай-ақ бизнесті жүргізудің жоғары этикалық стандарттарына сәйкес жүзеге асырады.
Өз кезегінде Комплаенс функциясы Серіктестік қызметінің халықаралық және жергілікті реттеуші стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етеді: оның ішінде сыбайлас жемқорлық пен алаяқтықпен күресу, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл.
2023-2024 жылдары Серіктестік сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау шеңберінде нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ Серіктестіктің ішкі нормативтік құжаттары, Серіктестікке қатысты бұрын мемлекеттік органдар мен бас компанияның ішкі аудит қызметі жүргізген тексерулердің нәтижелері пайдаланылды. Серіктестіктің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, азайту және жою бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді.
Сәйкестік тек ережелер мен нұсқаулар ғана емес, ол әріптестерге, серіктестерге және қоғамға деген сенім мен құрмет туралы.
Іскерлік әдеп кодексі қызметкерлердің, сондай-ақ басқа да мүдделі тұлғалармен – акционерлермен, контрагенттермен, реттеушілермен және мүдделері Серіктестік қызметіне әсер ететін басқа да тұлғалармен өзара этикалық қарым-қатынастың негізгі ережелерін белгілейді. Іскерлік әдеп кодексін сақтау Серіктестіктің әрбір қызметкері үшін жұмыстың ажырамас шарты болып табылады.
Біздің құндылықтарымыз:
- Қауіпсіздік
- Команда
- Тұрақты жетілдіру/ дамыту
- Меритократия
- Адалдық
- Құрмет
