Золотоносные руды должны перерабатываться на государственных аффинажных заводах
Н.А. Назарбаев

Біздің қызметкерлер Қытай Халық Республикасының бағалы металлдарды аффинаждау өндірісімен танысуда

18 December 2017


Іссапар кезеңі: 10.12.1717.12.17 аралығы.

Жұмыс тобы:

Тлеулин А. С. – директордың өндіріс жөніндегі орынбасары;

Айдарханов А. Е., бас технолог;

Тлеужанов М. М., сыртқы істер және экономикалық байланыстар, коммерция жөніндегі бас маман.

Нурланов А. Т., Алдын ала балқыту цехының басшысы

Чумаков Д., Техникалық бақылау бөлімінің инженері.

Іссапардың мақсаты: Қытай Халық Республикасының аффинаж зауыттарымен танысу, тәжірибе алмасу, өзара ынтымақтастық, серіктестік орнату, сонымен қатар Шығыс Қытай ғылым және технологиялар университетінде оқу орнының басшылығымен кездесу өткізу.

 

Хуанши қаласында орналасқан «DAYE           Nonferrous» аффинаж зауытымен танысу

11 желтоқсан 2017 жылы біздің мамандар іссапар барысын «DAYE Nonferrous» аффинаж зауытынан бастады. Компания тарапынан атқарушы директор – Ли мырза, директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Уам мырза, өндірістің бас технологы, бас инженер жәнеде сатып алулар бөлімінің басшысы қатысты.

«Тау-Кен Алтын» ЖШС делегациясы және «DAYE Nonferrous» аффинаж зауыты басшылығы

«DAYE Nonferrous» аффинаж зауыты Хуанши қаласының өндіріс аумағында орналасқан.

1986 жылы аффинаж зауыты мыс зауытының құрамдас бөлігі ретінде іске қосылған.

Ал 2006 жылы зауытты модернизациялау және қайта құру жұмыстарынан кейін аффинаж зауыты жеке кәсіпорын ретінде өз отауын тігіп, жеке бөлініп шықты.

Аталған жылы зауыт платина паладий тобындағы металлдар өндірісін жолға қойды.

2014 жылдан бастап дайын өнім қатары Te, SeO2, Re, Ir толықты.

Кәсіпорында барлығы 320 адам қызмет етеді, соның ішінде 200 адам өндірісте. Барлығы жергілікті елді мекен тұрғындары болып табылады.

Келіп түсетін негізгі өнімдері болып жылына 4 тонна болатын мыс электролизінің шламдары құрамы Au – 0,2 % бастап; Ag –10,0 % дейін және ҚХР тау-кен өндірісі компанияларынан алынатын құрамы Au  90,0 %-дан жоғары болатын доре қорытпасы.

«DАYE Nonferrous» аффинаж зауыты Шанхай және Лондон асыл металлдар биржасының сертификаттарына ие.

Зауыттың өндірістік қуаттылығы жылына 20 т алтын мен 1000 т күмісті құрайды.

2017 жылы 14 т алтын мен 850 т күмісті құрайды.

«DАYE Nonferrous» аффинаж зауытының атқарушы директоры Ли мырза және «Тау-Кен Алтын» ЖШС директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Асқар Тлеулин

 Кездесу өткеннен кейін біздің жұмыс тобы өндіріс цехтарын аралауға бет алды.

Зауыт екі бөлімшелерден тұрады:

  • Біріншісі, бұл келіп түскен шикізатты шлам түрінде қабылдау, дайындау.
  • Екіншісі, асыл металлдарды аффинаждау.

Мыс электролизінің шламдары үлкен қапшықтарға (биг-бек) салынған күйде, автокөліктермен зауытқа келіп түседі. Ары қарай шлам горизанталды күйдіру пештерінде 6000С температурада күйдіруден өтеді. Барлығы өнімділігі сағатына 4 тонна болатын 6 пештен тұрады.  Аталған пештерде шламды кептіріп, күйдіргеннен кейін  жеңіл ұшқыш металлдардан (Se, S, As т.б.) бөліп аламыз. Осыдан кейін шикізат күмісті және басқада қоспалар хлорлауға түседі.Хлорлау титаннан жасалған, көлемі 20, 30, 50 м3  болатын жалпы саны 10 агитаторларда жүргізіледі. Хлорлау процессі үздіксіз. Агитаторға алтын құрамды шикізат түскеннен кейін, оған күкірт қышқыды қосылып, қоспаларды ерітінділеу процессі жүргізіліп газтәріздес хлормен үрлеу жүргізіледі. Алынған өнім анодтар әзірлеуге ары қарай электрохимиялық тазартуға жіберіледі. 

Күміс хлориді флюс ретінде Na карбонатын қосып, балқытады. Пеш үздіксіз жұмыс түріндегі өнімділігі 500 кг күмісті құрайды. Ұшқан газдар циклондар тобының көмегімен тазартылады. Сұйық балқыған балқыма 10 анодты кассеталы қалыптарға құйылады.

Электрохимилық тазартудан соң күміс балқытуға түсіп, күміс түріндегі құймалар алынады. Балқыту көлемі 120 кг болатын бақырда индукциялық пештердің көмегімен жүзеге асырылады. Пештің беткі қабаты жер бетінен 0,000 деңгейде. Бақырды көтеру және түсіру, пештің астыңғы бөлігінде орналасқан гидравликалық жүйе арқылы жұмыс істейді. Арнайы қармап ұстайтын құрал көмегімен бақыр қапсырыла ұсталып, балғыған металлды құйма қалыптарға құйып аламыз. Құймалар салмағы 1-15 кг аралығында Шанхай бағалы металлдар биржасы үшін және 30 кг салмақта Лондон бағалы металлдар биржасы үшін дайындалады.  ЛБМА.

Салмағы 1000 гр болатын алтынның дайын өнімдері штапталған құймалар түрінде әзірленіп, ары қарай ине арқылы басатын құрылғы көмегімен құйманың сипаттамаларын бетіне шығарады.

Доре қорытпасы Лондон бағалы металлдар бағасынан төменірек баға ұсынатын Шанхай бағалы металлдар биржасының бағасымен сатылып алынады. Алынған дайын өнім Шанхай бағалы металлдар биржасы арқылы 80% ы, Лондон бағалы металлдар биржасы арқылы – 20 %ы сатылымға шығарылады.

Бағалы металлдар өтімділігін мемлекеттік органдар қамтамасыз етеді.

Кездесу барысында аффинаж зауытындағы күрделі мәселелерде сөз болды, атап айтар болсақ:

  1. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан экологиялық тараптар қатаң, күрделену үстінде. Зауыттың құрылыс жұмыстары барысында, экологиялық нормалар қазіргі кездегідей қатаң бола қойған жоқ. Алайда, қолданыстағы технология мен аспирациялық жүйелер бүгінгі күннің экологиялық талаптарына сай емес.
  2. Зауытта қызметкер санының шектен тыс көптігі. Аталған кәсіпорынды жобалау барысында модернизациялау қарқынын есепке алмағандықтан, қазіргі таңда еңбек ресурстарының өндіріс қажеттілігінен асып түсетіндігі байқалуда. Сондықтан қызметкерлер санын 320 адамнан 200 адамға дейін қысқарту жоспарда.

Өндіріс орнының алып жатқан ауданының көптігі және бос жер телімдерінің бар екендігі ол аумақтарды көгалдандырып, жасылдандырып, көшет отырғызып қана қоймай, оларды сатылымға шығарып, табыс көзіне айналдырған екен.

Ары қарай біздің делегация Чэньчжоу қаласында орналасқан «Jingui Silver Industry Co Ltd» аффинаж зауытына қарай жол тартты:

12 желтоқсан 2017 жылы «Jingui Silver Industry Co Ltd» аффинаж зауытының басшылығымен кездесу болып өтті. Қытай тарапынан аталған кездесуде компанияның вице-президенті Ванг Пингси мырза, бас технолог, өндіріс жөніндегі директор  Янг мырза болды.

 «Тау-Кен Алтын» ЖШС жұмыс тобы және «Jingui Silver Industry Co Ltd» аффинаж зауытының басшылығы

«Jingui Silver Industry Co Ltd» компаниясының негізі 2004 жылы қаланған, қазіргі күні елдегі аффинаждалған күміс пен одан дайын бұйымдар шығаратын ірі кәсіпорындардың бірі. Сонымен бірге компания мыс, қорғасын, мырыш сынды металлдар өндірісінде жолға қойған.

Комания шикізат өндіруден бастап одан дайын өнім алынғанға дейінгі толық өндірістік циклда жұмыс істейді.

Катодтық мыс өндірісі электролиз цехы арқылы жүргізіледі.

Атап айтар болсақ, мыс ерітінділерінің электролизі инновациялық жолмен шешімін тапқан. 4 суретте көрсетілгендей, электролиз қондырғысы тот баспайтын болаттан жасалған вертикальді, жабық цилиндрлі болып келеді. Дәл сол цилиндрлер ішіне үздіксіз түрде айналымда болатын мыс ерітінділері беріледі. Ванна ішінде катод рөлін атқаратын титанды бет орналасқан. Бұл технологиялық тәсіл  атмосфераға қышқылдардың бөлінуін болдырмай және өндіріс мәдениетін арттырып отыр. Цехтың өнімділігі жылына 5 мың тоннаны құрайды.

Электролизді қондырғылар

 «Тау-Кен Алтын» ЖШС делегациясы мыс өндірісімен танысуда

 

Қорғасын өндірсі

Қорғасын өндірісіне арналған пеш Ванюков пешінің негізінде жасалған. Пешке мойнақтар арқылы ауа үрленіп, экзотермиялық реакциялар әсерінен шихта балқытылуға келіп түседі. Балқыма айналмалы қондырғыға орнатылған шойын қалыптарға құйылады. Ал қождардан түйіршіктер алу үшін науашалар арқылы судан өткізіп құйып алады. (7 сурет)

Пештің өнімділігі қорғасын бойынша жылына 80 мың тоннаны құрайды. Бұл технологияның авторы болып бас технолог (профессор) Янг мырза болып табылады.

Ары қарай жұмыс тобы балқыту учаскесінде, одан кейін күміс электролизімен танысып, дайын өнімдер жасау бөлімінде және олардың қоймасында болып қайтты.

Аффинаждалған күмістің жылдық өнімділігі 2000 тоннаны құрайды. Соның шамамен 30 тоннасы дайын өнімдер алуға жұмсалады.

Балқыту учаскесінде өнімділіктері 150 кг 2 индукциялық пеш орналасқан. Анодты қалыптарға құю пештің өзіненорындалады. Қалыптар кассетталы түрде 10 анод құюға арналған.

Учаскеде екі қызметкер жұмыс істейді. Бір ауысымда олар 2 тоннаға дейін күміс анодтарын әзірлейді. Әр анодтың салмағы 20 кг. Анодтар салқындатылғаннан кейін бұрғылануға түсіп, электролизге жіберіледі.

Қорғасын пешінен қожды құйып алу

Электролиз бөлімі 10 сериядан тұрады. Әр серияда 70 анод орнатылған. Электролизді ванналар біздің қолданыстағы ванналардан түсіру жағынан ерекшеленеді. Ванналарыдң түбі арқылы тасымалдауыш таспа өтеді. Күміс катодтарының тұндырылғандығына байланысты олар таспаларға түсіріліп, ары қарай қабылдаушы бункерлерге жіберіледі.

Алынған катодтық күмістер кептіріліп, ылғалсыздандырылғаннан кейін тауарлық құймалар алуға жөнелтіледі.

Тауарлық құймалар алмас бұрын түйіршіктеу мүлдем жоқ. Қалыптарға катодтық күміс салынғаннан кейін «IKOI»- дың туннельді пешіне жөнелтіледі. Қазіргі таңда бір пеш ғана қызмет етеді. Жоспарда тағы екі туннельді пешті жұмыс істету тұр.

Күмістің электролизді ванналары

Күміс құймалар шығаруға арналған «IKOI»-дың туннельді пеші

Күмістің дайын өнімі

Аса басты назар аудартып қана қоймай, компанияның мақтанышы болып зергерлік және сәндік бұйымдар жасау болып табылады. 

Салмағы 2 тонна болатын күмістен жасалған күбі

Ең алдымен қызметкерлер бұйымдардың суреттік эскиздерін жасаумен айналысады.

Бұйымның алдын ала пішінін жасап шығару

Келесі сатыда эскиз компьютерлік сканерлеуден өтіп 3D принтер арқылы каучуктен жасалған үлгісін аламыз.

 

3D-принтер және одан жасалған үлгілер

Осы үлгілер негізінде дайын өнімнің пішіндері жасалып, құйылып алынғаннан кейін, ажарлауға жылтыратуға жіберіледі.

Дайын өнімдерді соңғы ажарлаудан өткізу

Дайын өнімдер

Дайын өнімдер ассортименті өте бай. Олар мүсін, ескерткіштерден басталып, суреттер мен ас үй құралдарында қамтиды. Компания қарамағында күміс өнімдерін сататын бірнеше зергерлік дүкендеріде бар.

Компания инвестициялары нәтижесінде «Күміс тарихы мұражайының» негізі қалануда. Дәл осы мұражайда интерактивті бейнежазбалар арқылы Қытайдың асыл металлдар өндірісі көрсетіледі, кеншілер мен металлургтар еңбектерін көрсететін экспонаттар мен мүсіндер орнатылған, күмістен жасалған әртүрлі бұйымдар бар. Жобаның авторлығы қомпания қожайындарына тиесілі.

Күміс музейінің жэкспонаттары

Шығыс Қытайдың ғылым мен технологиялар университетіне саяхат

14 желтоқсан 2017 жылы біздің жұмыс тобы Шығыс Қытайдың ғылым мен технологиялар университетіне қарай бет алды. Кездесуде университет тарапынан проректор Сиамин Као мырза, халықаралық қатынастар мектебінің деканы Хуа Бао ханым қатысумен өтті.

Шығыс-Қытайдың ғылым және технологиялар университеті 1952 жылы химия-машинажасау университеті ретінде негізі қаланған. 1993 жылы қайта құрылып атауы өзгертілген.

Оқу 16 академиялық мектептерде жүргізіледі. Олар фармакология, философия, әкімшілік басқару, экономика, құқық, әдебиет, тарих және білім салаларын қамтиды.

Университетті 100 елден келген 1300 ден астам шет елдік студенттер білім алуда. Соның ішінде 40 студент Қазақстаннан келген (ертеректе олардың саны 200-ге дейін жеткен)

Келіссөз барысында Бао ханым ҚХР үкіметімен қаржыландырылатын шет елдік студенттерге арналған бағдарлама туралы айтып өтті.

Аталған бағдарлама 20 адамға арналған. Және «Тау-Кен Алтын» ЖШС тарапы 5 қызметкерге дейін жібере алатындыған айтып өтті. Біздің қажеттіліктер мен талаптарымызға сай жекеше бағдарламаларда құруға болады.

Аталған бағдарламалар мерзімі жағынанда икемді (15, 30, 60 күн). Сабақ ағылшын тілінде жүргізіледі. Бағдарлама 2018 жылдың маусым айынан басталады.

 

«Тау-Кен Алтын» ЖШС делегациясы мен университет басшылығы

Келіссөздер барысында «Тау-Кен Алтын» ЖШС тарапынан қызметкерлер іріктеп, бағдарлама жасақтауға, ал университет тарапынан визалық кепіл, оқу процесі және тамақтандыру шығындарын толығымен қамтамасыз ету туралы келісімге қол жеткізілді