Золотоносные руды должны перерабатываться на государственных аффинажных заводах
Н.А. Назарбаев

«Тау-Кен Алтын» аффинаж зауыты тікелей сатып алу шартымен не толлингтік негізде кейіннен өңдеу үшін құрамында алтын бар шикізатты жеткізушілерді ынтымақтастыққа шақырады

21 January 2020


Зауыттың дайын өнімі тазалығы кемінде 99,99% түйіршіктер, стандартты және өлшеуіш алтын және күміс құймалар болып табылады. Тазартылған алтынның сапасына, сондай-ақ кәсіпорынның іскерлік серіктес ретіндегі сенімділігіне Лондон бағалы металдар нарығына қатысушылар қауымдастығының (LBMA) «GoodDelivery» сертификатымен кепілдік беріледі. Технологиялық процестер бағалы металдарды тазалау саласындағы үздік әлемдік стандарттарға және барлық экологиялық талаптарға сәйкес келеді. Қазіргі уақытта шығарылатын алтынның негізгі көлемі мемлекеттік алтын валюта қорын толықтыруға тапсырылады.

                «Тау-Кен Алтын» зауыты Доре қорытпасын, катодтық, шлихтық алтынды және алтынның ең аз мөлшері 10% болатын зергерлік сынықты өңдеуге қабылдауға дайын.

Жақын және алыс шетел компанияларынан ынтымақтастық туралы ұсыныстарды info@taukenaltyn.kz электрондық поштаға жіберуге болады