Өзекті сала — Зергерлік өнеркәсіп

Рубрики
Новости

Өзекті сала — Зергерлік өнеркәсіп

Әлемдік нарықтағы үлесі 60 млрд АҚШ долларын құрайтын зергерлік өнеркәсіп саласының экономикаға берері мол. Елімізде бағалы металдардың өндірісі көлемді болғанына қарамастан, бұл өзекті сала әлі күнге дейін әлсіз. Отандық нарықтағы сарапшылар мен басты ойыншыларының пайымдануша саланың әлеуеті өте жоғары. Бірақ бізде зергерлік өнімдер ел нарығына шығарылған тауарлардың небәрі 1 пайызын ғана құрайды. Сондықтан осы салада біраз мәселелерді шешіп, өндіріске қолайлы жағдай жасау қажет.

Бағдарлама қонақтары: «Тау-кен Алтын» ЖШС Алдын-ала балқыту цехының басшысы — Айдар Нұрланов, Ұлттық сараптау-сертификаттау орталығы бөлім басшысы — Ербол Сыйқымбаев және кәсіпкер, зергер — Таймас Мұқашев.

Жүргізуші: Тұрар Жолмағамбетов.