Умирзак Шукеев встретился с молодыми сотрудниками группы компаний из числа линейных руководителей и работников производства на площадке аффинажного завода «Тау-Кен Алтын»

15 ноября 2017


«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорына қарасты компанияларда 300 000 астам адам жұмыс істесе, оның үштен бірі жастар. Олардың пікірін тыңдап, тәжірибе алмасу маңызды. Бүгін «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев ұжымдағы жас қызметкерлермен, өндірістегі еңбек адамдарымен кездесті. Қор жанындағы Жастар сараптамалық-консультатвитік кеңесінің бұл алғашқы отырысы емес. Десе де, өндіріс алаңындағы бірінші басқосу. Ерекше форматтағы  басқосу  Астана іргесіндегі «Тау-Кен Алтын» афинажды зауытында өтті.  Бұл ұжым құрылғанына көп болмаса да, табысты мекеме. Ашылған 3 жыл ішінде 44 тонна алтын өндіріп, 4 млрд теңгеден астам таза пайда тапқан.  Қор құрамында афинажды зауыттан бөлек, терең технологиялы өндіріс ошақтары жетерлік. Олардың ісін ілгерілету үшін әсіресе, жастарды жігерлендіру керек. Кездесудің де басты мақсаты — осы. Айдар Нұрланов, «Тау-Кен Алтын» ЖШС инженер-технологы:  — «Тау-Кен Алтында» істегеніме 1 жылдан асты.  Осы уақыт ішінде осындай форумға қатысуым бірінші рет. Жалпы, бізде 20 пайыз жастар жұмыс істейді. Осындай шаралар керек деп ойлаймын. Ойымызбен, атқарылып жатқан шаралармен бөлісу керек деп есептеймін. Ал, Ғабит Закария есімді жігіт қорға қарасты компаниялардың бірін басқарады., Қарамағында 100-ден астам қызметкері бар. Жиналғандарды Атырауда орналасқан өндіріс ошағының жұмысымен таныстырды. Басшылықтың пікірін тыңдады. Ғабит Закария, «KPI Inc.» ЖШС басқарама төрағасы:  — Бізде қазір 100 шақты қызметкер бар. Құрылыс кезінде 5000 адам жұмылдырылады. Біздің кәсіпорын полипропилен шығаратын болады. Жоба құны  — 2,6 млрд АҚШ доллары. Қор басшылығымен және өзге де жас әріптестеріммен  бүгін осы жобаны талқыладық. Алғаш рет өндіріс алаңында өткен кездесуде өзге де кәсіпорындардың өкілдері сөз сөйлеп, тәжірибесімен бөлісті. Олардың ішінде Шалқиядағы комбинаттың басқарушы директоры мен  «KEGOC» компаниясының жас қызметкерлері болды.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ